Кеше, 21 қазан 2010 жылы түстен кейін біз Билайнның Жамбыл облысы делигациясының журналистері болып, Тараз қаласына бет алдық. Жол жөнекей Шымкенттің ішінде біраз серуендеп, қаланың қаншалықты улкендігіне, әдемілігіне таң қалдық. Неше түрлі зәулім үйлер, ескерткіштер, бақтар, аллеялар және де әрине базарлар… Бұл қаланы айтып базарларын айтпай кету мүмкін емес. Әр ауданда, әр көше қыйылысында әйтуір бір базар тұрады. Шымкент қаласының синонимі базар сияқты. Ал екінші синонимі әрине құрлыс. Құрлыс нысандары қала сыртының 3/2 бөлігін алып жатыр.
Таразға жеткен кезде ішім біртүрлі жылығандай болды. Осындай кезде «Өз үйім өлең төсегім дегенді түсінесін. Үш күн ішінде Таразды сағынып қалыппын. Жан жағыма қарап, дүние түгелімен өзгерсе де біздің қала ешқашан өзгермейтін сияқты. Сырттай қарағанда тыныш, ешқайда асықпайтын оңтүстіктің шаһары сияқты болып көрінеді. Барлығы бірін-бірі таниды, барлығы бірін-бірі туралы бәрін білітіндей. Бірақ бұл қала да өзінің ең криминалды қала атағын жәйдан жәй ұстап тұрған жоқ.
Атысу, пышақтасу, бір-бірін ұрып соғу. Жас жігіттер мен қыздарда мұндай агрессия қайдан пайда болады? Неге жасөспірімдер ішінде бұзақылық осыншама көп? Мүмкін бір жасөспірім екіншісінің алдында өзін «авторитет» болып көрінгісі келетін шығыр. Немесе мен осылай істей аламын, маған ештеңе болмайды дегені шығар. Әлде бұл жәй ата-ана мен оқытушылардың салғырттылықпен бала тәрбиесіне қарағанығы шығыр сірә. Кәзіргі мектептер, колледждер, университеттер толып жатқан криминал ошағы екендігі ешкімге жұмбақ нәрсе емес. Сонда да жасөспірімдер арасындағы қылмыстық статистика жылдан жылға өсіп бара жатыр. Үлкен сыныптар кіші сыныптардан ақша талап етеді, болмай бара жатқан жағдайда бағалы заттарын, телефондарын алып қойып жатқандары аз емес, бермегендерін ұрып соғады. Оқушылар, студенттер арасында «Смотрящий», «Терпила» деген терминдерді жиі жиі кездестіреміз. Біріншісі басқалардың үстінен қарайтын «братанды» айтамыз, екіншісі осы ұрып соғылып жүрген, өз өзін қорғай алмайтын, артында братандары жоқ жасөспірімді айтады. Олардың көбісі күнделікті қысым көруде. Оның арты дипрессияға алып соқтырады. Ал шыдай алмағандары өз өзіне қол жұмсауға дейін барады. Кәзіргі кезде әр оқу орнында бір немесе одан да көп психолог жұмыс атқарады. Бірақ мүмкін біздің менталитетімізден болар мүмкін оладың тәжірбиесі аздығынан немесе бала жәй қорыққаннан болар, психолог кабинетіне ешқайсысы жақындағысы келмейді. Өз сезімдерін іштей сақтағанды жөн көреді. Оқутышылар мен ата-аналар бала тәрбиесіне зейін қойып қараса бұндай оқиғаларболмас па еді.
Меселен алып қарасақ дүйсенбі күні 17 жасар мектеп оқушы қызды кешкісін Қалалық аурухана маңында белгісіз бір қыз ұрып кетті. Аяқпен тебу салдарынан ол қыздың басында, арқасында көптеген жарақаттар қалыпты. Дәрігерлер миына зақым келген. деп диагноз қойыпты. Зардап шеккен қыз ауруханада әлі бір аптадай жатады. Ал ұрған қызды ешкім тапқан жоқ.
Бұл біз білетін оқиға ал білмегеніміз қанша?

21 October, 2010 06:02

Posted: Қазан 21, 2010 in Uncategorized

pic_logo.gif

Eto soobshenie sozdano MMS sistemoy Beeline

Семинар-тренинг

Posted: Қазан 21, 2010 in Uncategorized

Сәлем Әлем!!! 20-21 қазан 2010 жыл Шымкент қаласында Omega-Sector интернет залында Beeline компаниясы мен «Мінбер» журналистер орталығы бірлесіп «Жаңа медиа мүмкіндіктері арқылы телекоммуникация нарқы жайлы бұқараға ақпарат тарату» деген атпен журналистерге арналған семинар – тренинг өтуде.

Read the rest of this entry »

Шах және Мат

Posted: Қазан 20, 2010 in Uncategorized

Мен Шымкент қаласының орталығында тұрмын. Қызметім жарнама саласында болғандықтан, бірінші болып көзіме үлкен жарнама баннері түседі. Олардың алда қойған мақсаты, орналасқан орны, дизайны қызықтырады. Read the rest of this entry »

Hello world!

Posted: Қазан 20, 2010 in Uncategorized

Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!